Bugin

Ұлттық қордан 2 миллиард теңге «жол жамауға» жұмсалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Есеп комитеті Ақмола облысында жүйелі проблемалар мен бюджет қаражатын пайдалану, оның ішінде Ұлттық қордың жұмсалуындағы өрескел бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Ұлттық қор қаражаты есебінен шешілмеген инфрақұрылымдық мәселелер болған кезде Т1, 9 млрд сомасында жолдарды орташа, ағымдағы (оның ішінде шұңқырлы) жөндеу қаржыландырылды. Бұл қаражаттың тиімсіз пайдаланылуын және басым жобаларды таңдауда жүйелік тәсілдің жоқтығын көрсетеді», - делінген есеп комиссиясының хабарламасында.

Аудиторлардың мәліметінше, Ақмола облысының құрылыс басқармасы 15 жоба бойынша аяқталмаған жұмыстар үшін мердігерлерге 248,1 млн теңге аударған. Одан әрі «Көкше» ӘКК шектеулі бюджет жағдайында жарғылық капиталды толтыруға түскен 530 млн теңгені қарызды өтеуге жұмсады.

Ауыл шаруашылығы саласында субсидияларды бөлу біркелкі жүргізілмейді, алушылардың қаржылық жағдайы мен субсидиялаудың тиімділігі ескерілмейді.

«Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 2,8 млрд теңгені, тиімсіз жоспарлау – 10,5 млрд теңгені, тиімсіз пайдалану – 2,6 млрд теңгені құрады. 42 бұзушылық фактісі бойынша уәкілетті органдарға, жекелеген эпизодтар бойынша құқық қорғау органдарына материалдар жолданды», - деп қорытындылады ведомство.